From Wikipedia, the free encyclopedia
Жуа тұқымдасы (лат. Allioideae немесе Alliaceae) – амариллистер тұқымдасына жататын дара жарнақты, жуашықты көп жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең тараған (тек Австралияда кездеспейді), негізінен, Жерорта теңізі аймағында өсетін 30 туысы, 650 түрі белгілі. Жапырақтары тамыр түбінен шығады, пішіндері әр түрлі (таспа, эллипс тәрізді, т.б.). Жуашықтары мен жапырақтарында сүтті шырын (млечный сок) болады. Гүлдері ұсақ, көбінесе ақ, қызғылт және қара қошқыл түсті, олар жапырақсыз гүлсидамының ұшында жетіледі. Жәндіктермен, кейде колибрилермен (құс) тозаңданады. Тұқымынан және вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Жемісі – қорапша. Тұқымы желмен, омыртқасыз жануарлармен (көбінесе құмырсқалармен), сумен таралады. Жуа тұқымдасына жататын өсімдіктердің барлық органдарында сарымсақ майы болады, бұл өсімдіктерге айрықша дәм және иіс береді. Бұлар бағалы тағамдық, мал азықтық, дәрілік және сәндік өсімдіктер болып саналады.[1]
Жуа тұқымдасы | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Allium ursinum
Allium angulosum
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Тайпалары | ||||||||||||
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.